Мемлекеттік сатып алуларға тек отандық тас өндірушілер ғана қатыса алады

Тас өнімдерін өндіретін 15-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңында» еліміздегі тас өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелері қаралды.

Аталған кеңес ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаковтың төрағалығымен ZOOM форматында өткізілді.

Қазір Қазақстан нарығында тас өнімдерін өндіретін 15-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Осы жылдың 10 айында өндіріс көлемі 658,4 мың тоннаға жетті. Осы бағытта өндірушілермен 2022 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Ведомство өкілінің айтуынша, биыл еліміздің аумағына тек сертификаттадан өткізіліп, импортталған тас өнімдерін (жиектер, төсеніштер, қабырға материалдары және т.б.) әкелу мәселесі шешілді.

Сондай-ақ отандық тас өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында осы жылдың 24-ші тамызынан бастап ҚР Үкіметінің №606 қаулысы күшіне еніп, соған сәйкес тек отандық өндірушілерге ғана мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігі беріліп отыр.

 Ақпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен алынды

Google News сайтында бізге жазылыңыз