Қазақстандағы балалардың қаржылық сауаты өте төмен

Жарияланды
Жасөспірімдер ересек өмірге барынша тиімді бейімделуді қажет.

Қазақстандықтардың қаржылық сауат деңгейі әлемдік деңгейді айтпағанда, ТМД елдерінің өзінде жоғары емес

Қазақстан — балалары көп жас ел. Биылғы жылдың басына қарай елімізде 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалардың саны 6,3 млн адамға жетті, бұл былтырғы көрсеткіштен 4,8% артық. Салыстыру үшін: жалпы елдегі халық саны 3,3% өсті.

16 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың үлесі қазірдің өзінде ел халқының жалпы санының 32,5%-ын құрап отыр, былтыр бұл көрсеткіш 32,1%-ды құраса, бес жыл бұрын 30,2%, он жыл бұрын 27,8% ғана болған.

9 жасқа дейінгі балалар санына келер болсақ, елде олардың саны 4 млн (20,5%, 5 жыл бұрынғыдай), ал 10-нан 16 жасқа дейінгі балалар саны 2,4 млн (12,1%). 5 жыл бұрын олардың үлесі ел халқының 9,7%-ы ғана болды және бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді.

«Үлкен өмірге» аяқ басқалы тұрған жасөспірімдер ересек өмірге барынша тиімді бейімделуді қажет. Елде және шетелде қаржы нарықтары мен қызметтерінің даму жылдамдығын ескере отырып, есейген кезде дайын және қажетті білімге ие болуы үшін өмірдің ең ерте сатысында қаржы әлеміне интеграциялануы керек.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған бірқатар қаржылық өнімдер бар, олар кәмелетке толмағандарға арналған төлем карталары (тәуелсіз немесе ата-аналардың шоттары мен карталарына байлаулы), балалардың депозиттері, жалпы кәмелетке толмағандар үшін банктік депозиттер және т. б.

Бұл шолуда біз қазіргі уақытта ҚР үшін бірегей қаржылық өнімге тоқталамыз: Jusan Junior 10–16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған инвестициялық қосымшасы, ол балаға сауатты инвестициялау принциптерін үйретуге және оның сауатты инвестор болып қалыптасуына көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз