Жаңалықтар

Қазақстан 93 әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұмған

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі ШҚО-да тіркелген

Елімізде биыл тұрмыстық салада 841 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз. Агрессорлардың 97,6%-і денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген. Елімізде 93 әйел отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды.

Өңірлер бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстары да көш бастап тұр.