Қытай халықаралық келушілер үшін коронавирус шектеулерін алып тастады

Жарияланды

Қытайға келетін саяхаттаушылар бұдан былай Қытай елшіліктерінен немесе консулдықтарынан «денсаулық кодын» сұраудың қажеті жоқ, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрлігі.

Дегенмен, соңғы 48 сағат ішінде теріс ПТР сынағы әлі де қажет болады.

Сонымен қатар, COVID-19 белгілері бар жолаушылар кеденде антиген сынамасын тапсырады.

Осылайша, билік шетелден кіру кезінде міндетті орталықтандырылған карантинді алып тастады. Осы уақытқа дейін Қытайға шет елдерден келгендер 5 күн арнайы орталықта, үш күн үйінде карантинге жабылған.

Сонымен қатар, Қытай билігі елге келетіндер үшін карантиндік шектеулерді жеңілдетуге байланысты шетелдіктерге іскерлік, оқу және келу визаларын беруді жеңілдетеді, деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігі.

Сондай-ақ оқыңыз