Жаңа жылдық мереке денсаулыққа зиян келтірмесін десеңіз…

Жарияланды
Бірнеше ережені ұстаныңыз

Жаңа жылдық мерекеге санаулы күн қалды. Көпшілік жаңа жылды кең жайылған дастарған басында отбасымен, достарымен қарсы алады. Мерекенің аяғы қорқынышты түске айналмас үшін, кейбір қарапайым кеңестерді есте сақтау керек. Бұл мерекеде шамадан артық тамақтанғандықтан біразы ішек ауруымен ауруханаға да түсіп жатады. Осы орайда жаңа жылда есте болатын бірнеше кеңес береміз.

Тәттілерді салқын жерде ұстаңыз. Торт, кремі бар бәліштер тоңазытқышта сақталуы керек. Бұл тағамдар тез бұзылатын өнім екенін ұмытпаңыз.

Салаттағы бактерия. Тез бұзылатын тағамдар мен ерте  дайындаған салаттарды бөлме температурасында екі сағаттан артық сақтауға болмайды. Себебі, бұл бактерия мен токсин жиналуына және ішек инфекцияларына әкелуі мүмкін.

 Демалыңыз. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, дене қызуыңыз көтеріліп, жүрек айнып, ішіңіз ауырса  қандай жағдай болса да, отбасы мен қонақтарға тамақ пісірмегеңіз жөн.

Тағамды бірнеше күн  бұрын алдын ала пісірмеңіз. Өйткені бірнеше күн бұрын пісірілген тағамды тоңазытқышта сақтау да, қауіпсіздікке кепілдік бермейді.

Егер көп тамақ ішіп қойсаңыз не істеу керек?

Бірінші. Ас қорытатын ферметтік дәрілерді ішіңіз. Дәрігермен алдын ала кеңесуді де ұмытпаңыз. Дәрігер сізге қандай дәрілерді таңдау дұрыс екенін және оларды қалай қабылдау керектігін айтады. Ферменттер тағамның қорытылуын айтарлықтай жылдамдатады және біраз уақыттан кейін артық тамақтану белгілері азаяды.

Екінші.  Қозғалыс. Ең жақсы нұсқа – таза ауада серуендеу.

Үшінші. Бір шыны-аяқ кофе. Сүтсіз, қантсыз кішкене кофе артық тамақтану белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Кофе тағамның қорытылуын тездетеді.  Сонымен қатар,токсиндерден тезірек арылуға көмектеседі. Бұл жағдайда жасыл немесе жалбыз шайы да көмектеседі. Сусынды жылы кезінде, баяу, асықпай ішіңіз.

Төртінші. Алкогольді одан әрі қабылдаудан бас тартыңыз.

Бесінші. Егер де көп тамақ жеп қойсаңыз  көп су ішпеңіз. Артық тамақтану кезінде қатты шөлдейсіз. Бірақ сақ болыңыз. Суды аздап ішуге тырысыңыз. Келесі күні су мөлшерін реттеңіз.

Улану белгілері:

  1.  әлсіздік
  2. .жүрек айнуы мен құсу
  3. іш ауруы
  4. қан қысымының көтерілуі
  5. қалтырау
  6. бас айналу және естен тану

Жұқпалы аурулардың, тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ДДҰ тамақ дайындау кезінде бес негізгі ережені сақтауды ұсынады:

  • Тазалық сақтау.
  • Шикі және пісірілген тағамдарды бөлу.
  • Тағамдарды жақсылап қуыру немесе қайнату.
  • Өнімдерді қауіпсіз температурада сақтау.
  • Қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі тағамды қолдану.
Сондай-ақ оқыңыз