Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа 25 млн теңге аударған

Жарияланды
Мазмұнды журналист
Зардап шегуші мемлекеттік мекеменің бухгалтері

Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа 25 млн теңге аударған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтардың айла-амалдарына тек зейнеткерлер ғана емес, сонымен қатар ақша санауды білетіндер де түседі.

Алдаудың құрбаны Мұғалжар ауданының 58 жастағы мемлекеттік мекеменің бухгалтері болды. Әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын хабарлаған. Кейін белгісіз адам әйелге несиені криптовалютасына салуды ұсынған. Әйелге «криптоволютаға инвестиция салу» ұнағаны соншалық, әйел барлық жиналған 25 миллион теңгесін алаяқға аударып жіберген. 

Полиция департаменті осындай қоңыраулар түскен кезде дүрбелеңге түспеуді еске салады. Кез келген сылтаумен бейтаныс адаммен сөйлесуді тоқтатып, банкке хабарласыңыз.

«Есіңізде болсын, банк қызметкерлері клиенттерге мұндай сұрақтармен ешқашан қоңырау шалмайды. Сондай-ақ ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға үшінші тарап шоттарына ақша аударуға болмайды», – дейді Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыз