Магнус Карлсен жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды

Жарияланды
Винсент Каймер 9,5 ұпаймен екінші орынды иеленді

Норвегиялық талант, әлемдік гросмейстер Мангнус Карлсенге тең келер шахматшы болмай тұр. Кеше рапидтен өткен турнирде Карлсен қара үзіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясы.

Карлсен 10 ұпай жинаса, оның ізбасары 18 жастағы неміс Винсент Каймер 9,5 ұпаймен екінші орынды иеленді. 30 жастағы америкалық шахматшы Фабиано Каруана да 9,5 ұпай жинады.

Ерлар арасында еліміздің атынан қатысқан Қазыбек Нөгербектің көрсеткіші тәуір, ол рапид  додасында 13 ұпайдың 8-ін жинап, әлемдік доданы  35-орынмен аяқтады.      

Әйелдер арасында Тан Чжунги рапидтен әлем чемпионы атанды. Екінші орын қазақстандық Динара Сәдуақасоваға бұйырды. Үшінші орында – Савита Шри.

Магнус Карлсен – шахматтан 16-шы әлем чемпионы. Ол бұл атаққа үш номинация бойынша ие: 2013 жылдан – классикалық шахматтан әлем чемпионы; 2014-2016, 2019 жылдары – рапидтен әлем чемпионы; 2014-2015, 2017-2019 жылдары – блиц бойынша әлем чемпионы. Бұған дейін Карлсеннің рапид және блиц бойынша әлем чемпионатына классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы ретінде соңғы рет қатысатыны хабарланған болатын.

Әлем чемпионатының бас серіктесі Freedom Broker компаниясы  ғаламдық доданың   барлық жүлде қорына демеушілік жасамақ. Одан бөлек,  «Тиолайн», Lancaster Group, Shokan Ualikhanov School, отандық стартап жоба Chess Legends, Polymetal, Turan, Coca-cola, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры,  туризм индустриясы мен спорт саласын қолдайтын  Sport Qory  да  әлем чемпионатының серіктестері. 

Сондай-ақ оқыңыз