Ипотека нарығында қандай өнімдер бар?

Жарияланды
12 банк ипотекалық өнім ұсынуға дайын

Ипотекалық несие нарығының дамуы осы банк өніміне жоғары сұранысты айқын көрсетеді. Қазақстандағы 21 ЕДБ арасында 12 банк ипотекалық өнім ұсынуға дайын, деп жазады Ranking.kz

Ең жақсы көрсеткішті тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (ТҚЖЖ) шеңберінде жұмыс істейтін Отбасы банкі ұсынады. Банкте несиенің екі негізгі нұсқасы бар: жинақ мерзімі 3 жыл, ЖТСМ бар болғаны 3,6% болатын тұрғын үй несиесі және аралық несие. Екіншісі қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Ұзақ уақыт ақша жинаудың қажеті жоқ, баспана құнының 50%-ы болса жеткілікті. Несиенің бұл түрі бойынша мөлшерлемелер сараланған, олар 7%-дан 11,5%-ға дейін (ЖТСМ — 7,4%-дан) өзгереді. Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым мөлшерлеме төмен болады. Осылайша, 6 ай ғана жинақтау мерзімі болса да, мөлшерлеме клиенттің болжамды көрсеткіштеріне байланысты 7%–8,5% болады. Сонымен қатар, тұрғын үй құнының 50%-ын депозитке салған күннен бастап үш жылдан кейін мөлшерлемелер 5%-ға дейін төмендейді (және несиенің максималды мерзімі — 25 жыл). Бұл ретте депозитке банктің сыйақысы мен мемлекеттің жыл сайынғы сыйақысы есептелінеді.

Басқа банктер стандарт ипотека ұсынады, ал мөлшерлемелер дәстүрлі түрде салыстыруға келмейтіндей жоғары. Бұл сегментте ЦентрКредит Банкі ең жақсы мөлшерлемеге ие: 14%-дан (ЖТСМ — 15,5%-дан). Несиенің максималды сомасы 100 млн теңге, мерзімі 3 айдан 15 жылға дейін.

Одан кейін Банк Фридом Финанс Қазақстан 16% (ЖТСМ — 17,2%-дан) мөлшерлемемен тұр. Банк 36 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге 200 млн теңге көлемінде несие ұсынады.

Келесі кезекте Halyk Bank ұсыныстары келеді: жалақы жобасына қатысушылар үшін өнім мөлшерлемесі 17%-дан (ЖТСМ — 19,2%-дан), жалақы жобасынан тыс — 18%-дан (ЖТСМ — 19,8%-дан). Мерзімі — 6 айдан 20 жылға дейін. Банк максималды соманы нақтыланбаған.

Сектордағы ЕДБ туралы толығырақ ақпарат жоғарыдағы кестеде берілген, ал мәліметтерді банкке тікелей хабарласу арқылы ғана нақтылауға болады.


Сондай-ақ оқыңыз