ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Қауіпсіздік бірінші орында

Жарияланды
Жаңа жылдық отшашулар

Жаңа жыл қарсаңында көрушілерді отшашумен қуанту үшін көптеген адамдар пиротехникалық бұйымдарды сатып алады. Алайда, ең алдымен, күйік пен жарақаттануды болдырмау үшін таңдау кезінде де, қолдану кезінде де осындай өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынады:

1. Үйде жасалған өнімдерді пайдаланбаңыз!

2. Пиротехникалық өнімді сатып ала отырып, сәйкестік сертификатының, нұсқаулықтың, жарамдылық мерзімінің болуын тексеріңіз!

3. Пиротехникалық құралдарды таңдағанда, олардың сыртқы түріне назар аударыңыз. Мыжылған, суланған, сызаттары бар және корпусқа немесе фитильге басқа да зақым келтіретін бұйымдарды алмаңыз!

4. Мұндай өнімдерге кіретін жанғыш заттар мен оқ-дәрі отқа қауіпті екенін есте ұстаған жөн. Оларды абайсызда ұстасаңыз немесе дұрыс сақтамасаңыз, олар оңай тұтанып, өр немесе жарақатқа әкелуі мүмкін. Осындай қарапайым ережелерді сақтау мерекелерді денсаулыққа зиян келтірместен өткізуге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз