Асхат Аймағамбетов қызметінен босатылды

Жарияланды
Мазмұнды журналист

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда кз баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылы Білім және ғылым министрі болды. Кейін Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.

Оның орнына Ғани Бейсембаев тағайындалды. Ол 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Қатысты материалдар