Бейжің бірқатар елдердің Қытайдан келгеннен кейін COVID-19 сынағы өткізу талабына наразы

Жарияланды

Пекин бірқатар елдердің тек Қытайдан келгендер үшін ғана COVID-19 коронавирусына қарсы шектеу шараларын енгізуін қолайсыз деп санайды, деп хабарлайды Global Times газеті Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Кейбір елдердің қытайлық туристерге уақытша шектеу қоюы тақырыбына қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин тек Қытайға қойылған шектеулердің ғылыми негізсіз екенін және мұндай шараларды қабылдауға болмайтынын айтты.

АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Жапония, Италия, Испания, Канада, Австралия COVID-19 толқыны кезінде Қытайдан келген саяхатшыларға қатысты кейбір шектеу шараларын жариялады. Атап айтқанда, олар Қытайдан келетін барлық адамдардан коронавирусқа теріс тест тапсыруды талап ету туралы шешім қабылдады.

Қытай билігі 8 қаңтардан бастап елге келетіндер үшін міндетті карантинді алып тастауды жоспарлап отыр. Гонконг әкімшілігі де 8 қаңтардан бастап осы арнайы әкімшілік аймақ пен Қытай арасында саяхаттау кезінде мұндай карантиндік шаралардан бас тартпақшы.

Сондай-ақ оқыңыз