Президент бес министрді ауыстырды

Министр лауазымынан босатылғандардың қатарында Асхат Аймағамбетов те бар
Токаев
Фото: Асқар Ахметуллин

Бүгін бірқатар министрлер қызметінен босатылып, жаңа басшы тағайындалды. Қызметінен кеткендер арасында Асхат Аймағамбетов, Дәурен Абаев, Серікқали Брекешев бар.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы ең бірінші  Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындады.

Содан кейін Президент жарлығымен бірқатар министрлер ауысты.

Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан кетті. Еліміздің экология саласына енді Зүлфия Болатқызы Сүлейменова жетекшілік етеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Президент Аймағамбетовтың орнына Ғани Бектайұлы Бейсембаевты тағайындады.

Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевты да  қызметінен босатты. Енді елдің индустриясы мен инфрақұрылым саласына Марат Кәрімжанұлы Қарабаев жауап береді.

«Үңгірлегілер» сөзімен атақты болған Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылып, оның орнына Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды.

Әділет министрі Қанат Мусиннің орына Азамат Есқараев тағайындалды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар