Үстіне қоқыс контейнері құлаған әйел адам көз жұмды

Жарияланды
Сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбеде «102» телефонына «103» операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады.

Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыз