Ұлыбританияда дәрігерлер тапшылығы туындады

Елде апта сайын 300-ден 500-ге дейін адам көз жұмуда

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау жүйесі дағдарыста, деп ескертеді кәсіподақтар. Бұл туралы euronews сайты хабарлады.

Британдық дәрігерлердің жұмыс жүктемесінің деңгейі қазір 2020 жылы COVID-19 пандемиясының басындағымен бірдей.

Сонымен қатар, қазір елде денсаулық сақтау саласында 130 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылған.

Сарапшылардың бағалауынша, Ұлыбританияда апта сайын 300-ден 500-ге дейін адам шұғыл көмек көрсетудегі кешігулер мен басқа да мәселелердің салдарынан қайтыс болуда.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар