Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау жүйесі дағдарыста, деп ескертеді кәсіподақтар. Бұл туралы euronews сайты хабарлады.
Британдық дәрігерлердің жұмыс жүктемесінің деңгейі қазір 2020 жылы COVID-19 пандемиясының басындағымен бірдей.
Сонымен қатар, қазір елде денсаулық сақтау саласында 130 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылған.
Сарапшылардың бағалауынша, Ұлыбританияда апта сайын 300-ден 500-ге дейін адам шұғыл көмек көрсетудегі кешігулер мен басқа да мәселелердің салдарынан қайтыс болуда.