2022 жылы акциздер бойынша түсімдер 1,6 есеге ұлғайды

Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімнің айналымын бақылау нәтижелерін жариялады

Акцизделетін өнімнің (алкоголь өнімі, темекі өнімдері және мұнай өнімдері) айналымын бақылау өз нәтижесін берді. 2022 жылдың қорытындысымен аталған өнімдер бойынша түсімнің өсу қарқыны 1,6 есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарланды.

Бюджетке қанша түсті?

Ағымдағы жылдың басынан бастап акциздер бойынша түсімдер 1,6 есеге ұлғайды: егер өткен 2021 жылы бюджетке 468,5 млрд.теңге түссе, 2022 жылы  757,3 млрд. теңге түсті (288,8 млрд. теңгеге немесе 161,6%  артық).

Түсімдердің оң динамикасына салық деректерін салыстыра отырып, Комитеттің қолданыстағы бизнес-процестерін автоматтандырудың тиімділігі есебінен қол жеткізілді. Түсімдердің өсуіне акциздер мөлшерлемесінің өсуі де әсер етті.

Мысалы, әкімшілендіру нәтижесінде алкоголь өнімінің өндірісі екі есеге өсті, оның ішінде арақ: 2021 жылы 2,4 млн. далдан 2022 жылы 5,0 млн. далға дейін өсті, дегенмен тұтыну сол деңгейде қалды. Бұл арақ бизнесі көлеңкеден шыға бастағанын көрсетеді.

Олардан түсетін түсімнің ұлғаюы 288,8 млрд. теңгені құрады:

–  акциздер мөлшерлемесін ұлғайту есебінен – 186,1 млрд. теңге (64,4%);

– алкоголь зауыттарының көлеңкеден шығу есебінен – 102,7 млрд. теңге (35,6%).

Мемлекеттік кірістер комитетінде акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру қалай жүргізіледі?

Алкоголь өнімі бойынша

2022 жылы 187 сатушыда тексеру жүргізілді, олар қолданыстағы заңнаманы бұза отырып алкоголь өнімін сатты, бұл ретте тексеру барысында 782,9 мың литр алкоголь тәркіленді.

Мысалы, Шымкент қаласында 146,2 мың бөтелке немесе мемлекет белгілеген ең төменгі бөлшек сауда бағасынан 75,1 мың литр мөлшерінде алкоголь өнімі сатылды. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабы бойынша хаттама жазылды, 1,3 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, салық төлеушінің сатып алынған алкоголь өнімі бойынша шегеруге алынған ҚҚС сомасы, кейін алкоголь өнімін қайтару, бүлдіру және жоғалту нәтижесінде кемітілмегені анықталды. Аталған бұзушылықтар нәтижесінде бюджетке 104 млн. теңге өндірілді.

Темекі өнімдері бойынша

2022 жылы контрабандалық темекі өнімдерінің 2,7 млн. қорабы анықталды.

Мысалы, іс-шараларды өткізу барысында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 925,0 мың қорап заңсыз темекі ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК 24 және 214-баптары бойынша Қарасай аудандық сотында қаралуда.

Акциздік салық ставкаларын көтеру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылдан бастап мынадай мөлшерлемелер көзделген:

– фильтрі бар және фильтрі жоқ темекі – 14 100 теңге/1000 дана;

– қыздырылатын темекісі бар бұйымдар – 9 870 теңге / 1000 дана;

– құбырлы темекі, темекі шегу – 12 950 теңге/килограмм;

– электронды темекіде қолдануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық-53 теңге/миллилитр сұйықтық.

Мұнай өнімдері бойынша

2022 жылы 15,6 млрд. теңге сомасына 87,7 мың тонна көлемінде құжаттарсыз (көлеңкелі айналым) мұнай өнімдерін өткізудің 411 фактісі анықталды. Сот шешімі бойынша 55,5 млн.теңге сомасындағы табысы тәркіленіп, 25,7 млн. теңге сомасында айыппұл есептелінді.

Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша мұнай өнімдері базасынан тыс (айналып өту) 57 тонна көлемінде бензинді өткізу фактісі анықталды, 8,6 млн. теңге сомасындағы табысы тәркіленіп, 0,3 млн.теңге сомасында айыппұл есептелінді. Осыған ұқсас факт Абай облысында 900 тонна көлемінде анықталды, 24,7 млн.теңге сомасына тәркіленіп, 1,5 млн. теңге сомасында айыппұл есептелінді.

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерімен шекарадағы Мемлекеттік кірістер органдары тыйым салулар мен шектеулер енгізілген тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Жалпы көлемі 84 мың литрден асатын мұнай өнімдерін әкетуге 335 әрекет тоқтатылды.

ҚР-ның үшінші елдермен шекарасында кәсіпкерлерге тыйым салулар мен шектеулер енгізілген тауарларға кедендік декларацияны рәсімдеуге мүмкіндік бермейтін, оның ішінде іріктемелі негізде кедендік сараптама үшін сынамалар мен үлгілерді іріктеуді көздейтін тәуекел критерийлері енгізілді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз