Елімізде ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді

Жарияланды
Экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан  бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді. Соған сәйкес келесі сандық шектеулер енгізілді:

– Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне 60 000 бас бұқашықты шығаруға;

– Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне 120 000 бас қошқарды шығаруға рұқсат.

Бұйрыққа сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ аналық малға қолданылмайды.

ІҚМ бойынша бір бордақылау алаңына 500, бір тауар өндірушіге 200 бас, ал ұсақ мал бойынша бір бордақылау алаңына 1000, бір тауар өндірушіге 500 мал басына квота алуына рұқсат.

Бүгінгі таңда экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз