Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған

Жарияланды
Күдікті қамауда

Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінді. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтты.

Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды.

Күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ оқыңыз