Автокөлікті қайдан сатып алған тиімді? Қазақстаннан ба? Шетелден бе?

Жарияланды
Toyota Corolla көлігін басқа елдерге қарағанда Қазақстанда сатып алу тиімдірек

Пандемия кезінде туындаған қиындық автоөндіріс саласына әлі де салқынын тигізіп тұр. Әуелде микрочип тапшылығы қатты байқалса, кейін геосаяси жағдай салдарынан логистикалық тізбек бұзылып, көлік тасымалдау мәселесінде күрделі түйткіл басталды. 2022 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша, АҚШ-та жеңіл және коммерциялық техника өндірісі 7,4 млн-ды құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға жоғары. Бірақ 2019 жылдың көрсеткішінен 9 пайызға төмен. Мұндай ахуал Германия мен Оңтүстік Кореяда да көрініс берген.

Көрсеткіші тіпті 2021 жылмен салыстырғанда да минуста қалған елдер қатарында Франция (11,7 пайыз), Ұлыбритания (8 пайыз), Жапония (2,2 пайыз) бар. Бұл елдердің көрсеткіші пандемияға дейінгі 2019 жылы 45,4, 37,5 және 22,7 пайызға құлдыраған. Көршілес Ресейде автоөндіріс 2022 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша 75,7 пайызға құлдырапты.

«Ал Қазақстанда жеңіл және коммерциялық техника өндірісі сенімді өсім көрсетіп отыр. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өндіріс 29,8 пайызға өскен. Ал дағдарысқа дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өсу бар. 2019 жылмен салыстырғанда автомобиль өндірісі Өзбекстан (23,7 пайыз) және Қытай (8,2 пайыз) елдерінде де өсім көрсетті», дейді Energyprom сарапшылары.

Ал әлемде жаңа жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктердің сатылымы өткен жылғы көрсеткіштерге жақындап қалды, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 59,5 миллион автокөлікті құрады, бұл небәрі 2%-ға аз. Сонымен қатар, 2019 жылмен салыстырғанда сатылымдар әлі де 11,1%-ға төмен. Осылайша, АҚШ-та ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автокөлік сатылымы – 20,2%-ға, Жапонияда – 24,5%-ға, Батыс Еуропада бірден 31,9%-ға азайған. Көршілес Ресейде 2022 жылы сату көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 60,1%-ға төмендеген.

Қытайда автоөндірістің өзі ғана емес, сонымен қатар оның сатылымы да оң динамикаға ие болып отыр. Биыл қытайлық дилерлер жаңа автокөліктерді 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 6,9 пайызға көбірек сатқан. Өз кезегінде, өндіріс көлемінің ұлғаюы мен сатылымдардағы отандық автокөліктердің артуы, сондай-ақ жаңа брендтердің қазақстандық нарыққа шығуына байланысты Қазақстанда 2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда сатылымдар бірден 67,6%-ға өсті.

Сарапшылардың айтуынша, бүкіл әлемдегі автомобиль өнеркәсібіндегі күрделі мәселелер жаңа жеңіл автокөліктердің тапшылығына және сатылымның айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Мұның бәрі, күткендей, тек жаңа көліктердің ғана емес, ескі көліктердің де бағасының өсуіне себеп болды.

Сонымен бірге, Energyprom сарапшылары ауқымды зерттеу жүргізіп, Қазақстандағы және басқа елдердегі шығарылған жылы және бір конфигурациядағы жаңа көліктердің құнын салыстырды. Сәйкесінше, Қазақстанда танымал маркалы көліктер арзанырақ болып шықты.

Қазақстандықтардың көңілінен шыққан Toyota Corolla көлігін басқа елдерге қарағанда Қазақстанда сатып алу тиімдірек. Мәселен, қозғалтқыш көлемі 1,6 CVT болатын Comfort пакеті Қазақстанда 26,4 мың долларды, көрші Ресейде қазірдің өзінде 35,7 мың долларды, Арменияда 46,6 мың долларды құрайды. Анықтама үшін: Toyota Corolla 1.5 Vision (мүлдем басқа модель) Түркияда 31,3 мың доллар тұрады.

«Hyundai Tucson комплектациясының атауы әр елде әртүрлі. Қазақстанда Hyundai Tucson Travel (G2.5 GDI) 31,6 мың доллар тұрса, Ресейде России Hyundai Tucson Family 47,9 мың долларға бағаланады. Бұл көлік Белорусия мен Өзбекстанда Style және Luxe брендімен танымал және бағалары сәйкесінше – 53,9 мың және 46,6 мың доллар. Қазақстанда ерекше танымалдылық жинап келе жатқан қытайлық брендтер басқа елдерге қарағанда бізде біршама арзанырақ. Мысалы, Haval Jolion Elite (1.5 2WD) Қазақстан дилерлерінде – 32,1 мың доллар, Ресейде – 36,8 мың доллар. Chery Tiggo 7 PRO (1.5 Turbo) көлігінің Premium комплектациясы Қазақстанда 26,4 мың доллар, Ресейде Elite комплектациясы – 43,8 мың доллар, Белорусияда – 34 мың доллар. Ал Өзбекстандағы Chery Tiggo 7 PRO-ның Luxury комплектациясы 26,9 мың долларды құрайды», делінген зерттеуде.

Шетелге қарағанда Қазақстанда автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің ауыртпалығы да айтарлықтай аз. Жоғарыда атап өткеніміздей, қазақстандықтар үшін автокөлікті пайдалану Еуропа елдерінің тұрғындарына қарағанда әлдеқайда арзан, мұнда тек экологиялық төлем, мысалы, Ұлыбританияда 10-нан 2635 фунт стерлингке дейін, Германияда шығарындылардың бір граммы үшін 2 еуроны құрайды.

Жанар-жағармай да – шығынның маңызды бөлігі. Қазақстан Республикасында бензиннің құны орташа есеппен литріне 0,46 доллар болса, онда көрші Ресейде ол қазірдің өзінде 0,85 доллар, ал АҚШ-тың өзінде (айтпақшы, көршілес Өзбекстанда да) – 1,03 доллар. Жапония мен Оңтүстік Кореяда бензиннің құны 1,16 долларды, жоғарыда аталған Германия мен Ұлыбританияда литріне сәйкесінше 1,85 және 1,94 долларды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз