Халықтың табысы бір жылда 17%-ға өсті

Жарияланды
Табыстың 76%-ы еңбек қызметінен түскен табыс

2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың табысы өткен жылмен салыстырғанда 16,5% көбейіп, 245,5 мың теңгеге жетті.

Өңірлер бойынша ең көп табыс елорда тұрғындарында: жан басына шаққанда орташа есеппен 339 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 15,7% артық.

Екінші орында Қарағанды облысы: 332,3 мың теңге, 21,4% өскен. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы аяқтады: 312,7 мың теңге, жылдық өсім — 31,8%.

Ең төменгі табыс Түркістан облысының тұрғындарында: жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 15,6% көп, бірақ ҚР бойынша орташа деңгейден үштен бірден астамға аз.

Қазақстандықтар табысының басым бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен тапты: 180,4 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 21,9% артық. Оның 157,2 мың теңгесі — жалдамалы жұмыс істеуден, 23,2 мың теңгесі — өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер.

Әлеуметтік аударымдар бір жылда 3,3% ғана өсіп, 55,1 мың теңгені құрады. Оның 44,8 мың теңгесі зейнетақы, 9,1 мың теңгесі — жәрдемақы, 1 мың теңгесі — шәкіртақы, 239 теңгесі — АӘК және тұрғын үй көмегі болды.

Туыстары мен жақындарының материалдық көмегі, сондай-ақ алимент төлемдері 6,2% өсіп, 5,5 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз