QazaqGaz: Газдандыруға арналған техникалық шарттар тегін және онлайн беріледі

Жарияланды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ халықты газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мақсатында, өз тарапынан газдандыру үшін техникалық шарттарды (ТШ) алуды жеңілдетті.

Үйді газдандыру үшін, ең алдымен, техникалық шарттарды алу керек.

Техникалық шарттарды (ТШ) алуға өтінімді енді онлайн – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы – www.ktga.kz – тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының өңірлерде орналасқан мекенжайлары бойынша беруге болады.

Өтінімді өңдегеннен кейін дайын техникалық шартты SMS түрінде алынған сілтеме арқылы жүктеуге болады. Айта кетейік, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттарын беру ақысыз негізде (тегін) жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз