Қытай Қазақстанмен шекарадағы карантин шектеулерін алып тастады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады

2023 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде қытай тарапы бұрын енгізілген карантин шектеулерін алып тастайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қытай тарапы көлік құралдарының ҚХР аумағына кіру мүмкіндігімен тасымалдаудың пандемияға дейінгі форматына оралуымен автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке бірқатар қатысушылардың наразылығын тудырды, себебі олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығындарға ұшырады.

2023 жылғы 09 қаңтарда мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында «Қалжат» өткізу пунктіне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.

Өткізілген жұмыс кеңесі барысында шекара қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және тасымалдаушылармен бірлесіп кедендік рәсімдерден өту, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы қажетті түсініктемелер берілді.

Кеңес барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бірқатар сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар