Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6% азайды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады

2022 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 587 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 554 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 033 мәміле жасалды. 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда (33 797) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6%-ға азайды.  Мәмілелер саны бойынша Алматы (8 063 – 24,0%) және Астана (5 004 – 14,9%) қалалары көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 343 (1%).

Қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында ең көп өсім Ақтөбе (20,8%) облысында және Алматы (14,0%), Шымкент (9,8%) қалаларында тіркелді. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Солтүстік Қазақстан (-25,3%), Шығыс Қазақстан (-19,4%) облыстарында және Астана (-15,0%) қаласында болды.

2022 жылдың қараша айымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 236-ға көбейген, олар бойынша желтоқсан айында барлығы 26 033 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ын құрайды. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым. Желтоқсан айында олардың 10 384-і ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына тиесілі (61%). 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 062 мәміле жасалды.

2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 446-ға азайып, 7 554-ті құраған. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Маңғыстау облысында (+49 мәміле) байқалды, ең жоғары азаю – Қарағанды облысында (-110 мәміле).

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда мәмілелер саны 64,6%-ға азайды, ол кезде мәмілелердің рекордтық саны тіркелді – 94 988 бірлік. Жылдық мәнде мәмілелер бойынша теріс көрсеткіш Қазақстанның барлық аймағында байқалған.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар