Қазақстанда жасанды ұрықтандыруға 7000 квота бөлінді

Жарияланды
Еліміздегі репродуктология қызметінің бағасы шарықтап барады

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7 мың квота бөлінді. Бұл туралы аstanatv.kz хабарлады.

«Өткен жылы елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 жарым мыңнан аса сәби дүниеге келді. Талай шаңыраққа бүлдіршіннің шат күлкісін сыйлаған мамандар квота санының көбейгеніне қуанышты. Кезекті жылдап күткен ерлі зайыптылар қазір бір жылда тіпті 2-3 айда квотаға іліге алады»,-деді дәрігер репродуктолог Айгерім Дүйсенбаева.

Мамандардың айтуынша, жасанды ұрықтандыру клиникаларына шетел азаматтары да жиі келеді. Себебі еліміздегі репродуктология қызметі қолжетімді. Алайда бағасы шарықтап барады. Дәрі-дәрмегін қоспағанда 500-600 мың теңгеден басталады. Ал барлығын есепке кіргізсе бір жарым миллион теңгеден асып түседі.

Сондай-ақ оқыңыз