Қазақстандықтар компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады

Жарияланды
2022 жылы 29 қаржы пирамидасы жойылды

Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті.

Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектілері болып табылса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі.

Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады.

Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.

Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылы қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Былтыр 29 қаржы пирамидасы жойылды.

         15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.

         Олардың барлығына дерлік ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, нақты мерзімге (5 жылдан 6 жылға дейін) бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда тіркелген жағдайлардың саны 2 есеге, аяқталғаны 3,5 есеге артты.

Шығынды өтеу 92-ден (2,5 млрд-тың 2,3) 177%-ға (4,7 млрд-тан 8,3-ке дейін) өсті.

Сондай-ақ оқыңыз