Бішкекте митингтерге тыйым салынды

1 сәуірге дейін

Бішкекте Бірінші Май аудандық сотының шешімімен 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін бейбіт митингілер өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Кабар» ақпарат агенттігі.

Сот шешімімен «Ала-Тоо» алаңында, парламент пен президент әкімшілігі, Жоғарғы сот ғимараттары маңында және елорданың бірқатар көшелерінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған орындарды шектеу заңды деп танылды.

Ерекшеліктер мемлекеттік және муниципалды ресми іс-шаралар болып табылады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз