2022 жылы теміржол көлігімен 106,8 млн тоннадан астам тас көмір тасымалды

Теміржол арқылы көмір тасымалдау жоспарлы режимде жүріп жатыр

           2022 жылы теміржол көлігімен 106,8 млн тоннадан астам тас көмір тасымалданса, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 500 мың тоннаға көп.  Экспортқа 32,5 млн тонна жөнелтілді (2021 жылмен салыстырғанда 2% жоғары). Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

     Республика бойынша 74,3 млн тонна тасымалданса, бұл 2021 жылғы жоспардан 1,8 млн тоннаға жоғары. ЖЭО қоймаларына 64,3 млн тонна қатты отын тасымалдау қамтамасыз етіліп, 2021 жылға қарағанда 1,2 млн тоннаға ұлғайды.  Тұрғындар үшін 9,9 млн тонна жеткізілді. Жоспар 106% орындалды.

ҚТЖ көмірді шығару бойынша міндеттемелерді жоспарлы режимде орындауда. Жүк жөнелтушілермен барлық туындаған мәселелер жұмыс тәртібімен жедел шешімін табуда.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар