«АрселорМиттал Теміртауда» газ құбыры опырылып қалды

Жарияланды
Зардап шеккендер жоқ

«АрселорМиттал Теміртауда» газ құбыры опырылып қалды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлады.

Компания мәліметінше, 18 қаңтарда таңертең диаметрі 2200 мм болатын коксты газ құбыры опырылып құлаған.

» Оқиға салдарынан ұзындығы 20 метр болатын учаске бүлінді. Зардап шеккендер жоқ, оқыс жағдайдың себептері анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз