Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының 50% ала ала ма?

БЖЗҚ: Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы жинақтарының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды! Бұл туралы БЖЗҚ сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы:

Ø егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы «жалған» хабарламаларды елемеуге кеңес береді!

Google News сайтында бізге жазылыңыз