Шымкентте үй иесі бала күтушісінің атына несие рәсімдеген

Жарияланды

Шымкентте үй иесі бала күтушісінің атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Бұл туралы

Оның айтуынша, ол Шымкент қаласы аумағындағы ауқатты отбасыда бала күтушісі болып қызмет еткен. Сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде оның телефонын алып, банк қосымшасы арқылы 1 млн теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген. Әйел өз атынан өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел түрде полицияға жүгінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша жұмыссыз.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, ұсталған азаматша айласын өз үйінде асырған. Бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланғанын мойындап, заңсыз әрекетке қарыздарынан құтылу үшін барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз