Түркияда президенттік сайлау 14 мамырда өтуі мүмкін

Жарияланды
Бұл туралы ел Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді

Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтуі мүмкін. Бұған дейін Түркиядағы Президент сайлауы 18 маусымға белгіленген болатын. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Өйткені бұл уақытта студенттер  жазғы демалысқа шығады, 100 мыңға жуық адам қажылыққа аттанады. Осы себептерге байланысты, сайлау мерзімінен бұрын өтуі мүмкін.

Биліктегі «Халық альянсы» жалғыз үміткер ретінде Түркияның қазіргі президенті Ердоғанды ұсынды. Ал, оппозициялық партиялардан құралған «алты үстел» мен басқа да саяси топтар өз кандидатын жариялаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз