Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан

Жарияланды
Ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды

102” арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Бұл туралы Polisia.kz. сайты хабарлады.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз