Еуропалық Одақта дәрі-дәрмек тапшылығы туындады

Жарияланды
Елде тыныс алу аурулары артты

Еуропалық Одақ дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегуде. Амоксициллин сияқты антибиотиктер, суық тиюге, тұмауға және басқа респираторлық инфекцияларға қарсы препараттар, балаларға арналған кейбір дәрілер тапшы болды. Дәрігерлер әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты коронавирустан қорғану салдарынан халықтың табиғи иммунитетінің әлсірегенін атап өтті.

«Сұраныстың күрт өсуінің негізгі себептері өндірістік қуаттардың жетіспеушілігі мен тыныс алу ауруларының жоғары таралуы болып табылады. Фармацевтикалық мәселелер ұлттық деңгейде шешіліп жатқандықтан, үкіметтер тапшылықты еңсеру үшін қазірдің өзінде әрекет етуде»деді Денсаулық сақтау жөніндегі Еуропалық комиссары Стелла Кириакидес.

Сондай-ақ оқыңыз