Жаңалықтар

Тәліптер Қытайдан көмек сұрады

Ауғанстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға үшін

Ауғанстанның бақылауындағы Талибан қозғалысының Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки Қытай Сыртқы істер министрі Цин Ганмен телефон арқылы сөйлескен кезде Қытайды Ауғанстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салуға шақырды.

«Амир Хан Муттаки Қытай тарапын Ауғанстанның ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға, инвестиция салуға және ауған фермерлеріне көмектесуге шақырды», – деді Талибан Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары және қоғаммен байланыс жөніндегі директорының көмекшісі Хафиз Зия Ахмад.

Хабарда айтылғандай, Муттаки ҚХР Ауғанстан үкіметінің сыртқы саясатында маңызды рөл атқаратынын және Талибан үкіметінің бір Қытай тұжырымдамасын ұстанатынын айтты. Оның айтуынша, екі ел арасында Ауғанстанның солтүстігіндегі мұнай кен орындарын игеруге қатысты жақында жасалған келісім-шарт маңызды оқиға болып табылады және екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасына үлкен септігін тигізуі мүмкін.

Муттаки Қытай тарапын Ауғанстан үкіметінің аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты жақтайтынына және ешбір топтың немесе жеке адамның ауған жерін басқа елдерге қарсы пайдалануына жол бермейтініне сендірді. Ол сондай-ақ тәліптер Ауғанстандағы Қытай азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сендірді, деді Хафиз Зия Ахмад.