2022 жылы көпбалалы отбасыларға 346,8 млрд теңге жәрдемақы төленді

Биыл балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты

2022 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жалпы сомасы 346,8 млрд теңгеге орта есеппен 501,2 мың отбасы алды, оның ішінде желтоқсан айында 530,8 мың отбасына 31,2 млрд теңге жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (2022 жылы – 50 976 теңге, 2023 жылы – 55 304 теңге);

– 5 балаға – 20,04 АЕК (2022 жылы – 63 728 теңге, 2023 жылы – 69 138 теңге);

– 6 балаға – 24,05 АЕК (2022 жылы – 76 479 теңге, 2023 жылы – 82 973 теңге);

– 7 балаға – 28,06 АЕК (2022 жылы – 89 231 теңге, 2023 жылы – 96 807 теңге);

– 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде (2022 жылы – 12 720 теңгеден, 2023 жылы – 13 800 теңгеден).

Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілгенін еске сала кетейік.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар