Елімізде бір жыл бұрынғыдан екі есе аз жатақхана салынды

Жарияланды
Салынған жатақхана ауданы тіпті үш есе азайып кетті

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында 43 жатақхана пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 82 жатақхана пайдалануға берілген еді.

Пайдалануға берілген жатақханалардың жалпы ауданы бірден 65% қысқарып, 72,9 мың шаршы метрді құрады. Жатақханалардың пайдалы ауданы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарды. (60,4% азайған). Жаңа ғимараттардың кубатурасы (құрылыс көлемі) де төмендеді — 763,4 мың куб метрден 234,7 мың куб метрге дейін қысқарды.

Құрылыстың нақты құны бір жыл бұрынғы 53,5 млрд теңгенің орнына 11 млрд теңгені құрады. Құндық көрсеткіші бір жылда бірден 79,5% азайды.

Республика бойынша пайдалануға берілген 43 жатақхананың 25-і ауылдық жерде және олардың жалпы ауданы 19,5 мың шаршы метрді құрады.

Өңірлер бойынша ең көп жатақхана елордада салынды: 15,7 мың шаршы метр. Одан кейін Шымкент (12,4 мың шаршы метр) және Павлодар облысы (9,4 мың шаршы метр).

2021 жылы білім беру ұйымдарының жатақханасында тұру үшін оқу орындары студенттерінен алынған төлем 4,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,1% артық.

Өңірлер бойынша жатақхана төлемлері ең көп түскен Алматы қаласында: 1,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 47,9% көп. Одан кейін Астана (524,2 млн теңге, бір жылда 32,8% көбейген), сондай-ақ Қарағанды (464,2 млн теңге, 2,6 есе көбейген), Қостанай (196,2 млн теңге, 2,7 есе көбейген) және Ақтөбе (188,1 млн теңге, 43,5% көбейген) облыстары.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді: 11,8 млн теңге, бір жыл бұрынғыдан 5,1% аз.

Сондай-ақ оқыңыз