Немересі әжесінің атына заңсыз 4 несие рәсімдеген

Жарияланды
Әжесінің фотосуреттерін пайдаланған немересі жалпы сомасы 1,1 млн теңгеге жуық несие алған

Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз төрт несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел 28 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында 1996 жылы туған немересі оның атына алаяқтық жолмен банктен несие рәсімдегенін хабарлады.

Алдын ала тергеу барысында 500 мың теңгеге банктік несиені бірінші рет қаскөй жәбірленушінің қатысуымен және келісімімен рәсімдегені анықталды. Ал одан кейін әжесінің жеке деректері мен фотосуреттерін пайдаланған немересі жалпы сомасы 1,1 млн теңгеге жуық теңге 4 онлайн несиені рәсімдеген.

Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыз