Атырауда жұмыссыздар үшін тегін курстар ұйымдастырылды

Жарияланды
Тек сұранысқа ие мамандықтар бойынша

Атырауда сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін курстар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оқыту мұнай-газ саласындағы жобалардың аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғандарға арналған.

Ауыл жастары да жаңа мамандыққа ие болады. Оқу кезеңінде ауыл, аудан тұрғындары жатақханамен және тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Соңғы үш жылда жергілікті билік пен мұнай компанияларының қолдауымен 2000-нан астам адам оқытылып, оның 1200-і жұмысқа орналастырылды.

«Биылдың өзінде 1000 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. 16-21 қаңтар аралығында біздің мамандар оқуға іріктеу жүргізеді. Курстар сантехник, электрик, дәнекерлеуші ​​сынды бес мамандық бойынша жүргізіледі», деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Сондай-ақ оқыңыз