Оңтүстік Кореяда 22 экипаж мүшесі бар кеме суға батып кетті

Жарияланды

Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының жағалауында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Сәрсенбіге қараған түні Гонконгта тіркелген Джин Тиан кемесі Чеджу аралындағы Сеогвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде суға батып кеткен.

Бортта 22 экипаж мүшесі болған: 14 Қытай азаматы және сегіз Мьянма азаматы.

Жағалау күзетінің мәліметінше, екі экипаж мүшесі құтқарылды, қалғандарын іздеу жалғасуда

Сондай-ақ оқыңыз