Қазақстанда өткен жылы 518 мың тоннадан астам нан өндірілді

Жарияланды
Жаңа піскен нан өндірісінің индексі 99,1% құрады

2022 жылғы желтоқсанда жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының орташа бағасы килограмына 351 теңгені құрады. Бірінші сұрыпты ұннан – 198 тг/кг, ал қара бидай наны орта есеппен 424 тг/кг сатып алынды. (нанның орташа салмағы – 500-600 гр.). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар орташа есеппен (жан басына) бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 7,5 кг бидай нанын (қалалық жерде — 7 кг, ауылдық жерде — 8,2 кг) және қара бидай нанының 780 гр (қалалық жерде — 979 гр., ауылдық жерлерде — 475 гр.) тұтынған.

Сондай-ақ оқыңыз