ҚМА Қостанай облысында крипто айырбастау пункттерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті

Жарияланды
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «KZobmen.com», «1WM.KZ», «Kazobmen.ru», «WM007.KZ», «KZ-EXCHANGE.COM» крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Жүргізілген ЖІШ нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: Ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз