Елімізде жыл басынан бері 39 адам әуе рейстерінен түсірілді

Елімізде жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 тұлға әуерейстерінен түсірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің көлік полицейлері осы жылдың басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 тұлғаны әуерейстерден түсірді, оның 16-сы алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде пайда болғаны үшін, 5-уі әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін және тағы да басқа теріс қылықтар үшін түсірілген. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады.

Оның айтуынша, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілдерінен «Түркістан – Астана» бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі Астанаға ұшып келісімен жолаушы әйел акт бойынша полицейлерге берілді.

«Тексеру барысында көлік сақшылары масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Түркістан қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деді , Д.Молдаханов.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар