Қазақстандық тоқыма, киім және аяқ киім өндірушілер өнімдерінің үлесі 8%-ға дейін төмендеді

Жарияланды
Отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі нарықта онсыз да әлсіз позициясын жоғалтып жатыр

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр еліміздің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 178 млрд теңгенің өнімін өндірген. Құндық мәндегі өсім бір жылда 27,1%-ды құрады. Мұндай жоғары динамика әлемдік нарықтағы жалпы қымбаттау үрдісіне байланысты. Нақты мәнде бір жылда қазақстандық өнім көлемі небәрі 6% өсті. Оң динамика болғанымен, Қазақстанның тұтыну нарығы бұдан анағұрлым жылдам өсті, сондықтан отандық өндірушілер өздерінің онсыз да төмен позицияларын сақтай алмады.

Шығарылатын өнімнің жартысынан астамын дайын емес, көбіне шикізат санатына кіретін тоқыма бұйымдары алды. 61,3 млрд теңгеге киім тігілсе, 15,5 млрд теңгеге былғарыдан жасалған бұйымдар (аяқ киім және тігілген терілер) жасалды.

Өткен жылы отандық кәсіпорындар есеп беретін жеңіл өнеркәсіп тауарларының 16 санатының тек бесеуінің ғана өндіріс көлемі азайған — мақта, мақта мата, фетр мен киіз, киіз етік пен бас киім.

Басқа позициялар бойынша қазақстандық өндірушілер өнімі өндірісі кем дегенде 11% (ерлердің сыртқы киімдері), ең көбі үш есе (сәбилерге арналған киімдер) өсті. Орташа алғанда, өндіріс көлемі 15%–20% аралығында өсті.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Төрт облыстың (Алматы мен Түркістан облыстары және Шымкент және Алматы қалалары) өнімінің үлесі 12 айдың қорытындысы бойынша ҚР-ның 53,6%-ын құрады.

Шымкент қаласы көш бастап тұрды. Бұл қалада еліміздегі ең ірі «Бал Текстиль» кілем фабрикасы, нәрестелерге арналған залалсыздандырылған киім шығаратын KazTexIndustry компаниясы мен мақта жіп шығаратын Azala Cotton кәсіпорны орналасқан. Оңтүстікте жеңіл өнеркәсіптің жоғары аумақтық шоғырлануы ресурстық базаға жақындығымен және арзан жұмыс күшінің болуымен байланысты.

QazIndustry бағалауынша, 2022 жылдың қазан айының соңына қарай ҚР-дағы жеңіл өнеркәсіп өнімдері нарығының көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. Пандемияның бірінші жылымен салыстырғанда елде сатылған барлық киім мен аяқ киімнің жалпы құны 44,4%-ға өсті.

Отандық статистикаға сүйенсек, өткен жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстан 1,5 млрд АҚШ долларына киім импорттаған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,8% артық. Шетелден киім импорттау жылдан жылға артып келеді. Шетелден киім-кешек жеткізу жылдан жылға артып келеді. Тек 2020 жылғы локдаунда ғана жағдай аздап өзгерді. Оның себебі жеткізу тізбегінің бұзылуы мүмкін. Бірақ оның өзінде өсім 0,9% болды.

Пандемия кезінде Қазақстанға киім сатушылардың үлесі өзгерді. Қытай Ресейді ығыстырып, ҚР-ға жеңіл өнеркәсіп өнімін жеткізуші бірінші елге айналды. Оның үлесі 49,8%-ға жетті. Ескерту: Қытайдан келетін импорт көлемі физикалық мәнде (яғни өнім салмағы) небәрі 6,9%, ал ақшалай түрде бірден екі еседен астамға өсті. Немесе қазақстандықтар осы тауарлардың басқа санаттарын импорттай бастады, немесе, мүмкін, қытайлық киімдер Қазақстан үшін екі есеге жуық қымбаттады.

Қатысты материалдар