Үндістаннан Қазақстанға күнжіт тұқымын  тасымалдау жүзеге асырылды

Жарияланды
Жол жүру уақыты 20 күннен асады

Мундра портынан (Үндістан) контейнерлер Араб теңізі арқылы Бендер-Аббас портына (Иран) теңіз көлігімен жөнелтіледі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан әрі Иран, Түркменстан және Өзбекстан аумақтары арқылы Алматы қаласына (Қазақстан) дейінгі теміржол көлігімен жеткізіледі. Жол жүру уақыты 20 күннен асады. Тасымалдау Қазақстан – Түркменстан – Иран дәлізі бойынша контейнерлік сервисті дамыту шеңберінде жүзеге асырылуда. 

Ақ күнжітті Үндістаннан жөнелтуді «KTZ Express» АҚ-ның Түркиядағы өкілдігі ұйымдастырды. 

Сондай-ақ оқыңыз