Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өткен аптада 0,3%-ға өсті

Жарияланды
Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасына тоқталып кетсек:

Күріш – 361 тг/кг

Айран 2,5% – 367 тг/л
Сүзбе – 1953 тг/кг

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Сондай-ақ оқыңыз