Жаңалықтар

Қытай Жапония азаматтарына виза беруді қайта бастады

Жапониядағы Қытай елшілігі мен консулдығы жапон азааттарына виза беруді қайта бастады. Бұл туралы Токиодағы Қытай елшілігі хабарлады.

«Қытайдың Жапониядағы елшілігі мен консулдығы Қытайға баратын жапон азаматтарына тұрақты визалар беруді қайта бастады», – деп хабарлады Қытай елшілігі мен консулдығы WeChat желісінде.

10 қаңтарда Қытайдың Токиодағы дипломатиялық миссиясы жапондықтарға виза берудің тоқтатылғаны туралы хабарлаған еді.