Талибан Ауғанстанда ЖОО-да қыздардан емтихан қабылдауға тыйым салды

Жарияланды
Бұйрықты Талибан жоғары білім министрлігі берді

Талибан жоғары оқу орындарына қыздарды қабылдау емтихандарына кіргізуге тыйым салды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Тиісті бұйрықты Талибан жоғары білім министрлігі берді. Хатта департаменттің барлық жекеменшік жоғары оқу орындары мен оқу орындарына қыздардың емтиханға қатысуға жол бермеу туралы бұйрық берілгені атап өтілген.

Бұған дейін Ауғанстанда әйелдердің білім алуына тыйым салынғандықтан 35-ке жуық университет жабылатыны хабарланған болатын. Ауғанстан кәсіподақтарының бірінің өкілінің айтуынша, Талибанның тиісті шешімінен кейін елдегі экономикалық мәселелер «қатты шиеленісе түсті».

Ауғанстан билігі әйелдерді білім алу мен жұмыс істеудің барлық мүмкіндіктерінен айырды.

Сондай-ақ оқыңыз