Ауғанстанда әйелдер университетке түспейтін болды

Жарияланды
Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады

Associated Press ақпарат агенттігін хабарлауынша, бұл бұйрық елдегі барлық мемлекеттік және жеке меншік университетке қатысты. Билікке келгелі Талибан біртіндеп нәзік жандылардың оқу мүмкіндігін шектеп жатыр,-деп жазды 24 кз сайты

Мәселен 2021 жылы қыздарға мектепке баруға тыйым салынды. БҰҰ Ауғанстан үкіметінен әйелдердің еңбек ету және білім алу құқығын шектемеуін талап етіп отыр. Осыған байланысты, ұйым Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед Кабул мен Кандагар қалаларына барып қайтты. Ол басқарған делегация жергілікті тұрғындармен, билік және гуманитарлық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Амина Мохаммед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары: – Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау ісінде көршілес елдер және бүкіл халықаралық қауымдастықтан көмек күтеміз. Тәлібтер: «Әйелдерді қорғайтын орта құрғымыз келеді», – дейді. Алайда құқықтарын таптап, оларды қорғап алуға болмайды. 

Сондай-ақ оқыңыз