FlyArystan 23 мамырдан бастап Анкараға ұшады

Жарияланды
Бір жақты билет құны 43 560 теңгеден басталады

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы жаңа бағыт Астанадан Түркия астанасы Анкараға билет сатылымын ашық деп жариялайды. Рейстер 23 мамырдан бастап әр сейсенбі және сенбі сайын орындалатын болады, саяхат ұзақтығы шамамен бес сағатты құрайды. Бір жақты билет құны 43 560 теңгеден басталады, ал билеттер мобильдік қосымшасында және FlyArystan.com сайтында қолжетімді.

«2021 жылы Түркия FlyArystan бағдарлар желісінің алғашқы халықаралық бағыты болды. Екі жыл ішінде Ыстамбұл түрік мегаполисі қазақстандықтардың сүйікті бағытына айналды және Анкара туристер үшін де, жұмыс барысымен саяхаттайтын кәсіпкерлер үшін де сұранысқа ие бағытқа айналатынына үміттенеміз. Астаналықтармен қатар Түркия елордасы Алматы, Шымкент, Семей, Қызылорда, Ақтау және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді болуы үшін біз ыңғайлы аялдамалы рейстерін ұсынуға дайын екенімізді хабарлаймыз.Әуекомпания флотының кеңеюімен 2023 жылдың басынан бастап FlyАrystan Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқанд сияқты бірқатар халықаралық бағыттарды қалпына келтіріп, Алматы мен Астанадан жаңа бағыт Өскеменге орындалатын рейстерге билет сатылымының ашқанын, сонымен бірге шетел мен Қазақстан бойынша бағдарлар желісінің кеңейтілуі бойынша үлкен жұмыс атқарып жатқанын атап өткім келеді» – деп бағдарлар желісін жоспарлау жөніндегі директор Ренат Абулханов бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыз