Әлемде парниктік газ шығарындылары өсіп келеді

Жарияланды
2021 жылы Қытай, АҚШ, ЕО-ның 27 елі, Үндістан, Ресей және Жапония CO2 шығаратын әлемдегі ең үлкен елдер болып қала берді

XXI ғасырдың басынан 2019 жылға дейін жаһандық парниктік газ (ПГ) шығарындылары негізінен CO2 шығарындыларының артуына байланысты, мысалы, Қытайда және басқа да дамушы және дамыған экономикаларда біртіндеп өсті. Нәтижесінде атмосферадағы парниктік газ концентрациясы айтарлықтай көбейіп, табиғи парниктік әсерді арттырды. Бұл жердегі тіршілікке теріс әсер етеді.

2020 жылы қазбалы отынның жаһандық CO2 шығарындылары 2019 жылмен салыстырғанда, негізінен, COVID-19 пандемиясына байланысты 5,3% төмендеді. Алайда, 2021 жылы бұл көрсеткіш шамамен 2019 жылғы деңгейге дейін төмендеп, 37,9 гигатоннаға жетті, 2019 жылмен салыстырғанда небәрі 0,36% аз, яғни өте аз үзілістен кейін CO2 шығарындыларынан әлем «коронадағдарысқа» дейінгі деңгейге қайта оралды.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын ескере отырып, мемлекеттер шығарындылардың ұлттық тізімдемелерін жасайды, парниктік газ шығарындыларын азайту бойынша іс-шараларды ұсынады және жүзеге асырады. Жаһандық жылынудың негізгі себебі саналатын CO2 шығарындылары климаттың өзгеруін бәсеңдету жөніндегі келісімдерге қарамастан әлі де жаһандық деңгейде өсіп келеді.

Қазақстанға келетін болсақ, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жариялаған 2020 жылғы соңғы мәліметтерге сәйкес, елдегі жалпы парниктік газ шығарындылары 342,9 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,7% аз. Ал 1990 жылдан бері көрсеткіш 11,1% төмендеген. Дегенмен, 2012–2018 жылдар аралығында парниктік газ шығарындылары 7 жыл бойы тұрақты өскенін айта кеткен жөн. Қазақстандағы жалпы парниктік газ шығарындыларына ең көп энергетика саласынан: 2020 жылы жалпы парниктік газ шығарындыларының 79,5%-ы осы салаға тиесілі болған. Екінші орында ауыл шаруашылығы саласы: 11,9%. Үшінші орында өнеркәсіптік процестер: 6,5%.

Сондай-ақ оқыңыз